Балабақша – бақытым!
Балабақша – мен үшін жай ғана жұмыс орны емес, ол – жүрегімнің қалауы, өмірімнің бір бөлшегі. Әрбір бүлдіршіннің күлімдеген жүзі, сыңғырлаған күлкісі мен үшін ең үлкен бақыт.
Балалардың алғашқы қадамына, алғашқы жетістігіне куә болып, олардың білім мен тәрбиеге деген қызығушылығын ояту – үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе. Әр күн сайын мейірім мен қамқорлық сыйлап, олардың болашағына кішкентай болса да үлес қосу – менің басты мақсатым.
Балабақша – достықтың, жылулықтың, шаттықтың мекені. Мұнда әр күн мерекедей, әр сәт ерекше. Балалардың «апай» деп құшақтай жүгіріп келгені барлық еңбектің өтеуі іспетті.
Балабақша – менің бақытым. Себебі бұл жерде балалықтың ең әдемі сәттері өтеді, жүректерге мейірім ұялайды, ал болашаққа нық қадам жасайтын кішкентай азаматтар тәрбиеленеді.
«Баланың күлкісі – өмірдің ең әсем әуені. Сол әуен ешқашан үзілмесін!»


