Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебаев ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 7 үй, Телефон: 87471583243, 87020008682, Электронды почта: ayday.sadik.78@mail.ru
Кіру
AA+
Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебаев ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 7 үй
8 (747) 158 3243
8 (702) 000 8682
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебаев ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 7 үй, Телефон: 87471583243, 87020008682, Электронды почта: ayday.sadik.78@mail.ru
ЖК Қонысбаева “Ай-Дай” бөбекжай балабақшасы

Балабақша – бақытым!

Балабақша – мен үшін жай ғана жұмыс орны емес, ол – жүрегімнің қалауы, өмірімнің бір бөлшегі. Әрбір бүлдіршіннің күлімдеген жүзі, сыңғырлаған күлкісі мен үшін ең үлкен бақыт.

Балалардың алғашқы қадамына, алғашқы жетістігіне куә болып, олардың білім мен тәрбиеге деген қызығушылығын ояту – үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе. Әр күн сайын мейірім мен қамқорлық сыйлап, олардың болашағына кішкентай болса да үлес қосу – менің басты мақсатым.

Балабақша – достықтың, жылулықтың, шаттықтың мекені. Мұнда әр күн мерекедей, әр сәт ерекше. Балалардың «апай» деп құшақтай жүгіріп келгені барлық еңбектің өтеуі іспетті.

Балабақша – менің бақытым. Себебі бұл жерде балалықтың ең әдемі сәттері өтеді, жүректерге мейірім ұялайды, ал болашаққа нық қадам жасайтын кішкентай азаматтар тәрбиеленеді.

«Баланың күлкісі – өмірдің ең әсем әуені. Сол әуен ешқашан үзілмесін!»